8 Сәуір 2023 2023, 10:38 Фото: pixabay.com

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар - ТЖД

Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарға тауға бармау туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарға тауға бармау туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті 8 мен 12 сәуір аралығында тауға саяхаттамаған жөн деп отыр. Көшкін орын алмас үшін қар басқан баурайларға бармаған дұрыс.

Алматы тауларында көшкін қаупі мен жауын-шашын туралы дауылды ескерту жарияланды.

8 мен 12 сәуір аралығында жылымық, күшті жауын-шашын мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар жамылғысының тұрақсыз күйі күтілуіне байланысты қар көшкінінің орын алу қаупі сақталады, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ тауда ұйытқуы 22 метрге дейін жететін күшті жел соғуы ықтимал. Осыған байланысты көшкін қаупін тудырмас үшін қарлы бөктерлерге шығудан, абзалы – саяхатты кейінге қалдырған жөн.