Кеше 2026, 21:18
Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок-бекеттер қойылады
ТЖМ азаматтарға таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
Алматы таулы аумақтарында қар көшкіні қаупі жоғары. Бұл туралы "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ және Алматы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың мәліметінше, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылады.
Құтқару қызметтері азаматтарды таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үндейді, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар аумақ арқылы өтетін автожолда қозғалыс көшкін жағдайы тұрақталғанға дейін уақытша жабылады.
Тауға баруды жоспарлаған тұрғындар ауа райын және ресми ескертулерді ескергені жөн.