Бүгiн 2026, 00:30 Фото: Скриншот

Алматы тауларында қар астында қалған турист қаза тапты

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді.

Алматы тауларында, Медеу ауданының Титов асуы 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын екі туристік топ қар астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесі, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ және еріктілер жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппараты да қолданылды.

Қар астынан бір адамның мәйіті шығарылды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді.