Бүгiн 2026, 07:14 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы тауларында өзін жайсыз сезінген турист құтқарылды

Құтқарушылар туристі теңіз деңгейінен 3500 метрден астам биіктіктен эвакуациялап, «Алма-Арасан» экобекетіне жеткізді.

Алматы тауларында құтқарушылар биік тауда қалып қойған туристке дер кезінде көмек көрсетті.

Үш жас азамат Погребецкий шыңынан төмен түсіп келе жатқан кезде олардың бірі өзін жайсыз сезініп, ұялы байланыс жоқ «Қызыл Сай» лашығында қалып қойған.

Оның жанындағы екі серігі Үлкен Алматы көлі маңындағы демалыс орнына жетіп, болған жағдай туралы құтқарушыларға хабар берген.

Оқиға орнына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметі жедел аттанды. Құтқарушылар туристі теңіз деңгейінен 3500 метрден астам биіктіктен эвакуациялап, «Алма-Арасан» экобекетіне жеткізді.

Төменге түскеннен кейін ер адамның жағдайы жақсарып, медициналық көмекті қажет етпеген. Кейін туристер үйлеріне өз беттерімен қайтқан.