Кеше 2026, 22:24
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматы тауларында қыз бен жігіт өздігінен төмен түсе алмай қалған
Жастар тауға арнайы киім мен қажетті жабдықсыз шыққан, бұл олардың төмен түсуін қиындатқан.
Құтқарушылар «Горельник» шатқалындағы «Орлиное гнездо» маңында өздігінен төмен түсе алмай қалған жігіт пен қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына жедел жеткен мамандар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, жастарды тауып алды. Белгілі болғандай, олар белгісіз дыбыстардан қорқып, көмек сұраған.
Жастар тауға арнайы киім мен қажетті жабдықсыз шыққан, бұл олардың төмен түсуін қиындатқан. Құтқарушылар оларды Медеу бөгетіне дейін жеткізді.
Медициналық көмек қажет болмады, операция аяқталғаннан кейін олар үйлеріне қайтты.