Алматы тауларында неге адам жиі жоғалады: қандай нұсқауларды білу керек?
Алматы тауларында көп жағдайда тауға жаңадан шығып бастаушылар қателіктер жіберіп жатады. Оның аяғы өкінішті салдарға алып келіп жатқан жағдайлар да аз емес. Осы тұрғыда Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі тауға шығуды қалай қауіпсіз бастауға болатыны туралы Shymbulak Outdoor резиденті Александр Головановпен сұқбаттасты.
– Қайырлы күн! Жаңадан бастаушылар тауға шыққанда жиі қандай қателіктер жасайды?
– Сәлеметсіз бе?! Мен былай дер едім: бәрінің жіберетін қателері бірдей. Біреу тауға кедымен шығады, бірек су алып шығуды ұмытады, біреу соқпақтан адасып, қараңғыда қайтады. Кімнің жолы болатынына қарай. Не сен тәжірибе жинайсың, не құтқару статистикасына түсесің. Маңыздысы – сабақ алып, қорытынды жасау, өкінішке орай, қайғылы оқиғалар статистикасының көрсетуінше, оқиғалар азаяр емес.
Ең көп таралған қателіктердің бірі – бағытты дұрыс бағаламау. Адамдар “Бар болғаны 5 шақырым жер ғой, бір сағатта жүріп шығуға болады” деп ойлайды. Ал шындығында, ол 800 метр бойы көтерілу, тайғанақ, ыстық, сосын жел, шаршау болуы мүмкін. Таудағы шақырымдар бір-біріне ұқсамайды.
– Ал киім мен жабдыққа қатысты ше?
– Басты мәселе – бұлардың мүлде болмауы. Адамдар тауға шыққанда жиі Панфилов бойымен серуенге шыққандай киініп алады. Аяқ киім, таяқша, күн бұзылғанда киетін қосымша киімді алып шықпайды.
Бастысы – артық зат алмау және керек заттарды ұмытпау. Тізімді мақаланың соңында береміз.
– Адамдар жоғалып кететін жағдайлар бола ма?
– Бұл – жиі орын алатын жағдайлардың бірі. Адамдар бағытты алдын-ала зерттемейді, соқпақ қайда екенін білмейді, тректі жазып алмайды.
РОСО немесе құтқару қызметінің инстаграмын қараңыз, олар қашанда біреуді іздеумен болады. Тағы бір нәрсе – адамдар жақындарына қайда бара жатқандарын айтып кетпейді, ол да іздеу уақытын айтарлықтай ұзартады.
Сондықтан қашан да айтатыным: әрдайым таңдаған бағытыңызды зерттеңіз, бағдарды біліңіз, офлайн-картаңыз, бағыттың трегі болсын және қайда бара жатқаныңызды жақындарыңызға айтыңыз.
– Тағы қандай қателіктер қиындық туғызады деп санайсың?
– Ауа райына мән бермеу. Сол қауіпті. Адамдар ауа райы болжамын қалада болғанда қарайды да: “Бұлтты болса не болыпты, Алматыда күн ашық қой” деп ойлайды. Ал сосын Көк Жайлауға барғанда нөсер жаңбыр жауып кетеді, олар болса футболкамен жүр, қорғаныс жоқ, телефоны да су және күші де сарқылған, сосын кеды киіп шығатындары бар, ал кедымен таудан түсу жарақатқа әкелуі мүмкін. Сондай-ақ – жорыққа жалғыз шығу. Кей жағдайларда жалғыз жүрген адамның тірі қалу мүмкіндігі де болмай қалуы мүмкін.
– Жаңа бастап жүргендерге қандай кеңес берер едің?
– Оқыңыздар және оқыңыздар! Сұрауға қорықпаңыздар. Кері қайтуға қорықпаңыздар. Міндетті түрле бара жатқан жеріңіз туралы ақпарат жинаңыздар. Және бәрін білемін деп ойламаңыздар. Ең қауіпті адамдар – бәрін білеміз деп ойлайтындар.
Жеңіл нәрседен бастаңыз.Тәжірибесі бар достар табыңыз. Бағытты талқылайтын чаттарға, топтарға қосылыңыз. Біртіндеп биіктікті арттыра беріңіз – тура және ауыспалы мағынасында.
– Және соңғы сұрақ: өзің жасаған қай қателік есіңде қалды?
– Мен тауға альпинизм секциясына келгенде шыға бастадым, ол жақта бағыт кішкене басқаша. Бірақ түпкі мәні бір – өз күшіңді асыра бағалау, толық бағаламау, бағытты білмеу, тактикалық және техникалық қателер. Бірақ альпинизмде бұлар үшін төлейтін құн әлдеқайда жоғары.
Демалыс күнгі жорыққа керек жабдықтар тізімі:
Рюкзак
-Көлемі 15–25 литр. Мартшрут жеңіл болған сайын көлемі де аз болады.
Міндетті жабдық
-Су – кем дегенде 1,5 литр (бөтелкеде немесе гидраторда)
-Тамақ – жүрек жалғайтын: бутерброд, жаңғақтар, жемістер, энергетикалық батондар
-Жаңбырдан қорғайтын плащ – шуақты күні де алып шығыңыз
-Күннен қорғайтын көзілдірік және шлем
-Дәрі-дәрмек қобдишасы – жеке жинақ: жапсырмалар, бинт, антисептик, ауыруды басатын дәрі
-Маңдайға тағатын шам
-Телефон және пауэрбанк
-Бағыттың картасы – телефонда офлайн немесе қағаз түрінде
-Жаз болса да, жылы киімдер – флиска, кофта, жеңіл күрте
-Бафф – әмбебап: от күннен, шаңнан, салқыннан
-Қоқыс салатын пакет – әкелгеніміздің бәрін кері алып кетеміз
-Треккинг таяқшалар – әсіресе төмен түскен кезде керек
Не алмаған жөн?
“Керек болып қалар” деген артық киім
-Пайдаланып көрмеген күрделі техника
-Газ баллондары, плиткалар, қазандықтар – бір күндік жорыққа керек емес
Шығар алдында келесілерді тексеріп алыңыз:
-Бағыттың жоспары бар ма?
-Бәрі қуатталған ба?
-Бағыттың картасы/трегі бар ма?
-Жақындарыңыз қайда бара жатқаныңызды біле ме?
-Ауа райын тексердіңіз бе?
– Әңгімеңізге рақмет!
Еске салайық, 29 шілдеде Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды.
18 маусымда Алматы тауларында қытайлық турист құтқарылды.