Алматы тауларында мореналық көлдерді бақылау үшін 7 гидробекет қойылды

Сел жүру қаупі бар кезеңнің басталуы мен жоғары температураның болуына байланысты мореналық көлдерді бақылау және мониторинг жасау үшін Алматы тауларында Қазселденқорғаудың 7 биік таулы маусымдық гидробекеті қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, Алматы тауларында сел жүру қаупі бар кезеңде барлығы 19 бекет жұмыс істейтін болады, оның 9-ы жыл бойы жұмыс істеуде.

Алматы қаласының маңында 51 мореналық көл бар, жаз мезгілінде олардың ішіндегі 6 аса қауіпті көлде босату жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда мореналық көлдердің толуы байқалуда, бірақ олардағы су деңгейі шектік белгілерге жеткен жоқ, көлдің салалары байқалмайды. Көлдерді судан босату және эвакуациялық арналарды тереңдету, қосымша сифонды құбырларды орнату және монтаждау бойынша алдын алу жұмыстарын 20 маусымнан кейін бастау жоспарлануда, - деп хабарлады ТЖД-да.

Сонымен қатар, сел жүру қаупін тәулік бойы бақылау – нақты уақыт режимінде гидрометеорологиялық жағдайды қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін сел қаупі Мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің (МАЖ) 31 станциясының көмегімен жүзеге асырылады.

Жалпы, маусым - қыркүйек айлары аралығында қаладағы сел жүру қаупі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесінің ерекше бақылауында болады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы қалалық ТЖД сондай-ақ Алматы тауларында 7 гидробекетті қоюда Алматы әкімдігі авиациялық қолдау көрсеткенін мәлім етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті
Өзгелердің жаңалығы