11 Наурыз 2021 2021, 11:40
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жауын-шашынның жаууына және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты 11 наурыз күні Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар көшкіні жүруі мүмкін, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қар көшкіні жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес берілді.