Кеше 2026, 20:18
Фото: ©BAQ.KZ коллаж
Алматы тауларында екі жас 4000 метрден астам биіктікте қалып қойды
Жас жігіттер жоғары биіктіктен өз бетінше түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Кеше кешке теңіз деңгейінен 4000 метрден астам биіктікте орналасқан Сәтбаев шыңында оқыс жағдай болғаны туралы хабар түсті. 2008 жылы туған екі жас шыңға көтерілу кезінде төменге өз бетінше түсе алмай қалған.
Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары мен «БАУ» жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу аттанды. Таулы жердің күрделі бедері мен түнгі уақытқа қарамастан, іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.
Бүгін құтқарушылар жасөспірімдерді аман-есен экобекетке түсіріп, ата-аналарына табыстады.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.