Алматы тауларында болған қар көшкіні жолды жауып қалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Есік көліне баратын тас жолдың 13-ші шақырымын көшкен қар жауып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, таудан түскен қардың көлемі – 175 текше метр.

Аудан орталығынан Есік көліне апаратын жолдың бір бөлігін қар массасы жауып қалды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Түнде жауған жауын-шашын мен жылымықтың салдарынан қар көшкіні жүрген, – делінген "Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы