Алматы тауларында блокбекеттер қойылды
Алматы тауларында көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы тауларында көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жариялады: 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.
Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталып отыр: көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуіне шектеу мақсатында: " Алматы қаласы - Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары, және - "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында, қосымша "Бутаковка", "Кимасар" шатқалдарында блок-бекеттер орнатылған.
Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 500 мың текше метрден асатын 110-нан астам қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайы болған.
Қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 50 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді, зардап шеккен адам жоқ.