Алматы тауларында блок-бекет қойылды
Синоптиктер қаңтар айында қар көшкіні жайлы ескертті, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Таулы жерлерде қар көшкіні қаупінің барына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында «Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін, қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс, – деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ТЖД мәліметінше, қар көшкінінің үшеуі профилактикалық түсуі жүргізілді.
Жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 27 мың текше метрден асатын 23 қар көшкіндер өздігінен түсу жағдайлары орын алды, абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ. Өз кезегінде, қар көшкінінің 3 профилактикалық түсуі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 7 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді, – деді құтқарушылар.