8 Қыркүйек 2026, 20:27 Фото: ТЖМ

Алматы тауларында адасып кеткен бес турист аман-есен табылды

Алматы қаласының құтқарушылары тауда жоғалып кеткен туристерді іздеуге шықты. Туристердің туыстары олардың байланысқа шықпай қалғанын айтып, шағым түсірген.

Іздеу барысында құтқарушылар шатырда болған бес жас адамды тапты. Олардың барлығына медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар жастарды Алмарасан шатқалының кіреберісіндегі автотұраққа дейін алып барды. Ол жерде олардың көлігі тұрған.

Айта кетейік, Алматы маңындағы тауда 2600 метр биіктікте турист әйел аяғын жарақаттап алғаны хабарланды.