Алматы тауларында әйелдің мүрдесі табылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы Алматы тауларында өлі күйінде табылған әйелдің жеке басын анықтауда.

Қайғылы жайт туралы мәлімет әлеуметтік желіде тарады. Онда әйелдің денесі талда асылып тұрған жерінен табылғаны айтылды.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 ақпан күні таудан әйелдің мүрдесі табылғанын растады.

Медеу ауданындағы таулы жерден 40-45 жас шамасындағы европалық текті әйелдің мүрдесі табылды. Қазір оның жеке тұлғасы анықталып жатыр. Бұл іске тиісті сараптамалық тексеріс тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы