24 Қыркүйек 2025 2025, 11:35 Фото: видеодан алынған кадр

Алматы тауларында алғашқы қар жауды

Түнде Алматының таулы аймақтарында қар түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Түнде Алматының таулы аймақтарында қар түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Богданович мұздығында, Бугеле және “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының орта станциясында орнатылған онлайн-камераларда 3200 метр биіктіктегі шыңдардың қармен көмкерілгені көрінеді.

Синоптиктер бұған дейін ескерткен болатын: Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде нөсер жауын және қар түрінде. Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында антициклон ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.