Бүгiн 2026, 05:18 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы тауларында адасып қалған төрт турист құтқарылды

Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Алматы тауларында серуендеп жүрген төрт турист кештің батуына байланысты өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Оқиға Космостанциядан жоғары орналасқан шекара бекеті маңында болған. Туристерден көмек туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел түрде «ҮАШ» бақылау-құтқару бекетінің экипажы аттанды.

Құтқарушылар бір сағат ішінде туристер тобын тауып, оларды қауіпсіз түрде шлагбаумға дейін жеткізді. Ол жерде демалушыларды туыстары күтіп тұрған.

Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тау бағытындағы сапарларын алдын ала жоспарлап, қараңғы түспей кері қайтуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.