Алматы тауларында адасып кеткен турист 3 күннен соң табылды
Алматы тауларында адасып кеткен турист ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағының көмегімен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында үш күндік іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады. 1982 жылғы азамат 12 қаңтарда көп күндік жорыққа аттанып, 15 қаңтарда байланысқа шықпаған соң, туыстары мазасызданып, құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздеуге кірісті. Жұмысқа кинологиялық есептоптар, пилотсыз ұшу аппараттары және жер үсті топтары қатысты. Алғашқы екі күнде 21 орын зерттелді, оның ішінде ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар болды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жоғалған турист Қазавиақұтқару әуе бортын пайдаланып ұшудың арқасында ер адам 2970 метр биіктікте "Сол Талғар" шатқалындағы күркеден табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған зардап шегуші Алматы қаласына жеткізілді.
ТЖМ туристерге өз маршруттарын мұқият жоспарлауға, жақындарға өз бағыттарыңыз туралы уақтылы хабарлауға және таудағы қауіпсіздік үшін байланыс құралдарын пайдалануға кеңес береді.