Алматы тауларында адасқан туристер аман-есен табылды

Алматы тауларында Төтенше жағдайлар министрлігінің Құтқару қызметі Башут шыңынан түсу кезінде адасып кеткен туристер тобын аман-есен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төрт адам бағытынан жаңылып, өз бетінше жол таба алмаған. Қараңғы уақытта олардың барлығының қара киімде болғаны іздестіруді қиындатқан.

Құтқарушылар тобы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты арқылы «Шымбұлақ» өзеніне қарай қозғалып, туристерді тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Барлық қатысушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы