Алматы тауларында 3 турист адасып кетті

Алматы тауларына саяхаттауға кеткен туристер адасып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып кеткен.

Түні бойы іздеу жүргізіліп, сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бір туристі тапты. Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды, - дейді ведомство.

Құтқарушылар тауға шықпас бұрын, бағытты, сондай-ақ қайту уақытын жақын адамдарға хабарлау керектігін ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы