Алматы тауларында 16 жастағы жасөспірімнің үстіне тас құлады
Алматы тауларында жасөспірімнің үстіне тас құлап, оның білегі сынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, 10 тамызда құтқарушылар теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікке "Тұйық су" бақылау-құтқару пунктінен Медеу ауданы аумағындағы Титов шыңы маңына шыққан. Ол жерде үш бала мен бір ересек тауға көтеріліп бара жатқан.
Төмен түсу кезінде жасөспірімдердің біріне тас құлады. Құтқарушылар 2009 жылы туған зардап шегушіге жетіп, оның білегінің ашық сынғанын анықтады. Жасөспірім есін біліп, өздігінен қозғала алды, – деді ведомствода.
Құтқарушылар зардап шегушіні іздестіру-құтқару бекетіне жеткізіп, оны ҚР ТЖМ Төтенше медицина орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы