Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды

Алматы, BAQ.KZ. 22 маусымнан бастап Алматының бірнеше ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады. 

Бұл туралы "Алматы Су" мекемесі хабарлады.

Ертең таңғы сағат 9.00-ден түнгі 24.00 дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда, кеңселерге суық су беру тоқтатылады.

Суық су беру тоқтатылатын көшелер:

- Сәтбаев-Желтоқсан-Абай-Масанчи;

- Абай-Төлеби-Чайковский-Наурызбай батыр;

- Қарасай батыр- Муратбаев- Абылайхан.

Сонымен қатар, 23 маусым күні таңғы сағат 9.00-ден түнгі 22.00 дейін мына көшелерде де суық су беру тоқтатылады:

- Сейфуллин- Радищева-Ноғайбаев –Рысқұлов;

- Рысқұлов пен Жансүгіров қиылысы –Палладин.

"Алматы Су" мекемесінің мәліметінше, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға тапсырыс бойынша су жеткізіледі.

Суық суды тоқтату жаңа желілерді магистральды су құбырына қосу жұмыстарына байланысты жасалып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы