Алматы соты Донбастағы қақтығысқа қатысқан азаматты үш жылға соттады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқан Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.
Сот үкімімен О. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 172-бабында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот сотталушы О. 2014 жылдың қыркүйегінен 2016 жылға дейін Украина аумағында болып, жалдамалы белгілері болмаған кезде, соғыс қимылдарына қасақана және заңсыз қатысқанын анықтады,- делінген сот таратқан мәліметті.
Сотта сотталушы азамат өз кінәсін толық мойындаған.
Сотталушы О.-ға жаза тағайындау кезінде сот оның кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі, сондай-ақ бұған дейін сотталмағаны жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы