Алматылық кәсіпкерлер Сингапур-Қытай бизнес өкілдерімен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Кездесу барысында екі жақты меморандум, кәсіпкерлік байланыс орнату және туризм мәселелері талқыланды, деп хабарлады аталған мекеменің баспасөз қызметі.
«Біздің Қазақстанға келудегі мақсатымыз Қазақстан және Қытай арасындағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы қарым-қатынасты нығайту. Алдағы уақытта Қазақстанмен бірлесе жұмыстар атқарып, Қазақстанмен Қытай арасындағы тауар айналымды тиісінше жан-жаққа тарату жоспарымызда бар. Болашақта жоспарға сәйкес көптеген жұмыстарды бірлесе атқарамыз деген сенімдеміз. Қазақстандық өнімдер өтті сапалы, құнды және таза тауарлардың қатарында. Біз Қазақстан өнімдерін Сингапур еліне тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Тек Сингапур мемлекетіне ғана емес Орта Азия елдеріне де таратсақ деген ойдамыз. Осылайша қолға алынған жұмыстар оң нәтижелерін береді деген сенімдеміз», - дейді Сингапур-Қытай бизнес қауымдастығының Президенті Жамес Оу Шин.
Сингапур-Қытай бизнес қауымдастығы 1970 жылдары құрылған, қазіргі уақытта 500-ге жуық мүшесі бар, ауқымды мекеме қатарында. Аталмыш мекеме Сингапур-Қытай мемлекетінде бизнес мүмкіндіктерді дамыту мақсатында қызметтер атқарады. Алдағы уақытта екі жақты келісім орнатып, бірлесіп жұмыс жүргізу мәселелері қаралатын болады.