Алматы, Қызылорда, Талдықорған, Тараздағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылды – ҰҚК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.

Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылды.

Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылуда.

Барлық азаматтарды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы