Алматы құтқарушылары таудан түсе алмай қалған жастарды құтқарды
Алматы облысы Талғар ауданында Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды құтқарып, таудан түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тауға көтеріліп түсе алмаған жастар 19-20 жас аралығында болды.
Бүгін таңертең олар демалу үшін тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмады және «112» нөміріне жүгінді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы