"Алматы-Қостанай" бағытында жаңа вагондар қатынайды
Жолаушылар вагондары паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәселен, «Түрксіб Астана» ЖШС жеке тасымалдаушысының паркі 2024 жылы шығарылған купе және плацкарт үлгісіндегі 10 жаңа жолаушылар вагонымен толықты.
Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штабтық вагон бар. Барлық вагондар «Зиксто» АҚ отандық өндірушісінен сатып алынды. Вагондар ауа баптағыш жүйелерімен және биоәжетханалармен жабдықталған.
Жоғарыда аталған жаңа жолаушылар вагондары биылғы қараша айынан бастап №43/44 «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша қатынайды.
Айта кету керек, бұл бағытта қатынайтын вагандор әбден ескірген және жолаушылар тарапынан үнемі шағымдар болатын. Естеріңізге сала кетейік, биыл 122 бірлік жаңа вагон әкелінді, жыл соңына дейін тағы 18 бірлік жеткізіледі деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мерзімді қызмет сарбаздарын тегін оқытуға 1500 грант бөлінді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы