Бүгiн 2026, 08:32
Фото: Скриншот
Алматы қорығында ойнап жүрген аландар фототұзаққа түсіп қалды
Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш.
Алматы қорығының ірі шатқалдарына орнатылған фототұзақтардан қар барысының аландары түсірілген ерекше кадрлар жинақталды. Бұл сәттер табиғаттың тылсым тіршілігін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аландар бір-бірімен ойнап, анасының қимылдарын қайталап, аңшылық дағдыларын меңгеріп, болашақта өз бетімен тіршілік етуге бейімделеді.
Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Аландардың фототұзаққа түсуі қорықтағы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай бар екенін дәлелдейді.