Алматы – Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып, төрт адам қаза тапты

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол – көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, аударып жіберген.

Салдарынан алған жарақаттарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен түрлі дене жарақаттары бар екі жолаушы Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Іс бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ПД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысы ПД
Өзгелердің жаңалығы