"Алматы-Қорғас" автожолындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Көкпек-Көктал-Шонжы-Қорғас» автомобиль жолының 172-187 шақырымы аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жөнделген учаскенің жалпы ұзындығы – 15 шақырым, жүру бөлігі 12,7 шақырым аралықта 8 метр, ал 2,3 шақырымда ал 20 метрді құрайды.

Жолдың жағасы әр жағынан 2 метрді құрайды.

Орташа жөндеу барысында салқын ресайкілеу әдісімен негізді орнату жұмыстары жүргізіліп, учаскенің барлық ұзындығына қалыңдығы 6 см ыстық асфальтбетон жабыны төселіп, жолдың жағасы бекітіліп және жол белгілері сызылды.

Жөндеу жұмыстарына 30 жұмысшы мен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚазАвтоЖол
Өзгелердің жаңалығы