Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алтын Орда» базары маңындағы көпір (Алматы-Қаскелең бағыты) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
2-10 шілде аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Қаскелең» бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылады.
Жолайрықтың сапасына жүргізушілерден бірнеше рет шағым түсті. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл – «Алтын Орда» базары маңының 16-19 шақырымы. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялаған еді. Бейнежазбадан шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
РХБҚ әскерлерінің мамандары отыз жылдық мерейтойын атап өтуде
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы