Алматы қандай көрсеткіштер бойынша көш басында тұрғаны айтылды

Алматы экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айнұр Баспақова атап өтті.

Алматы - Қазақстанның ірі қалалық экономикасы бар қаржы мегаполисі. Сонымен қатар ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында. Қала экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды - 57,5%, онда 869 мың адам жұмыс істейді. 2022 жылы шығарылған ШОК өнімінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі – 131,1%. Қала экономикасының ЖӨӨ құрылымында сауда және қызмет көрсету салалары басым болып тұр. Олардың үлесі 86,1% - құрайды, – деді Айнұр Баспақова.

2023 жылғы қаңтар-мамырда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы Алматыда болған.

Шет мемлекеттердің барлық бас елшілігі Алматыда орналасқан. Біз олармен достық, серіктестік қатынастар орнаттық. Сондай-ақ бірлескен кеңестерге қатысамыз. Іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесеміз, шетелдік компанияларға қолдау көрсетеміз. Бұдан бөлек сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін ынтымақтасамыз. Жыл басынан бері Кәсіпкерлер Палатасы Қытайдың 7 провинциясының сауда палаталарының өкілдіктерімен, сауда палаталарымен, соның ішінде Фейсалабад, Лахор (Пәкістан) қаласындағы әйелдер сауда палаталарымен меморандумдарға қол қойды, – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы