Алматы қаласының прокурорлары есірткі таратқан телеграм-арналарды бұғаттады
Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас прокуратураның хабарлауынша, тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды.
Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.
Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады,- делінген ақпаратта.
Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.
- Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты (ВИДЕО) 11:12
- Алматы мен Алматы облысының тауларында үш адам құтқарылды 10:49
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35