Алматы қаласының дизайн-коды ұсынылды

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясы барысында депутаттардың қарауына қаланың дизайн-кодының жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, дизайн-код - үйлесімді мегаполис құру үшін қажетті талап.

Біздің алдымызда екі міндет тұр – Алматының танымал тарихи келбетін сақтау және әлемдік тенденцияларды ескере отырып, мегаполистің болашақ бейнесін дамыту. Алматының дизайн-коды – бұл өмір сүруге қолайлы үйлесімді мегаполис құру үшін қалалық ортаны қалыптастыру жөніндегі ережелер мен қағидаттардың жиынтығы, – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Мәслихаттың кезекті сессиясында дизайн-код кезең-кезеңімен енгізілетіні айтылды. Жаңа нысандар үшін ұсыныстар мен талаптардың толық көлемі қолданылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы