Алматы қаласында ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскесі сот шешімімен тәркіленді
Алматы қаласында ұзақ уақыт пайдаланылмаған жер учаскесі сот шешімімен тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан ауданы 0,5600 гектар жер учаскесіне тексеру жүргізді. Жер учаскесі техникалық қызмет көрсету станциясын, автокөлік жууды, жанармай құю станциясын және қонақ үйді салуға арналған, - делінген хабаоламада,
Тексеру барысында бұл аталған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны және қараусыз қалғаны анықталды. Департамент оны алып қою туралы сотқа талап қоюға бастамашы болды. Алматы қаласы сотының шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО үш үлкен каналды реконструкциялау жоспарланып отыр
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы