Бүгiн 2026, 17:47 Фото: ІІМ

Алматы ПД бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды.

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тамамдаған.

Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарады.

2012-2022 жылдары Павлодар облысы және Ұлытау облысы Полиция департаменттерінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

2023 жылдан бастап Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының бастығы болды.

2025 жылғы тамыз айынан бастап ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды.