Алматы прокурорлары мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қадағалау қызметі барысында Талғар ауданының прокуратурасы мүгедектігі тар тұлғаларды сапалы оңалтуды қамтамасыз ететін протездік-ортопедиялық құралдармен уақтылы қамтамасыз етпеу деректерін анықтады. 

Мәселен, 19 мүгедектігі бар баланың ата-аналары және 4 мүгедектігі бар ересек тұлға протездік-ортопедиялық құралдарын алуға өтінішті өткен жылдың сәуір айында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берген. Бұл қаражаттың өмірлік маңыздылығына қарамастан, мердігер ұйым тапсырыстарды орындау мерзімдерін бұзып, қажетті өнімдерді жеткізбей, азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкелді. 

Прокурорлық қадағалау шараларының арқасында мүмкіндігі шектеулі 23 тұрғынның барлығы тиісті оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді. Басқа жағдайда Алатау қаласының прокуратурасы 101 мүгедектігі бар тұлғадан көлікке салық төлемдерін өндіріп алу және 6 млн теңгеге әлеуметтік аударымдарды ұстап қалу деректерін тоқтатты. Олардың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура қадағалау актісін енгізді, ол бойынша артық төленген сомалар қайтарылады, - делінген ақпаратта.

Азаматтардың, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы