Алматы прокурорлары 16 мың баланың әкесіне алимент төлеттірді

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі алимент өндіру болып есептеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті атқарушы органдардың және сот орындаушыларының жұмысты тиісті үйлестіргендерінің арқасында, қала прокуратурасы 2023 жылы 1 мың жұмыссыз алимент төлеушілерді есепке алды, олардың ішінде 657 жұмысқа тұрғызылды.

Такси қызметімен айныласатын, жасырын табыс көзі бар, алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 150-ден астам борышкер айқындалды.

2023 жылы прокуратураның үйлестіруімен алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамайтын, 14 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркеліп, олардың ішінен 5 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде 9 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар алимент өндіру бойынша сот  шешімін орындамаған 112 борышкер, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы прокуратурасының 2023 жылғы шараларымен 16 мың бала алдындағы, 2,5 млрд. теңгеден астам алимент бойынша қарыздар төленді.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы