11 Наурыз 2023 2023, 18:13 Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы үйінде марихуана өсірген тұрғынды ұстады

Алматыда полиция қызметкерлері мариухуана өсіру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полиция қызметкерлері мариухуана өсіру дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Күдікті Тоқтаров көшесіндегі үйінде марихуана өсірумен айналысқані белгілі болды. 

Техникалық нормаларға сәйкес өсірілген 16 түп марихуана, өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктінің үйінің ас бөлмесінен 5,45 мм және 7,62 мм калибрлі екі патрон табылды, - делінген хабарламада. 

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды.