Алматы полициясы қаладағы жаппай төбелеске қатысты түсінік берді

Алматы полиция департаменті 2023 жылғы 15 қыркүйекке қараған түні Алматының Алмалы ауданында болған жаппай төбелеске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталған.

Оқиғаға қатысушылардың бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі бойынша тіркеліп, Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - Алматы полиция департаменті

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде жаппай төбелес болғаны көрінетін видео тарап жатқанын хабарлаған едік. Видео авторы төбелес кезінде бір адамның оқтан жарақат алғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы