Алматы полициясы қоғамдық орындарда тексерісті күшейтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаменті демалыс күндері шектеу шарасы енгізілгенін хабарлайды.
Негізінен адамдардың көп шоғырланатын жеріне тексеріс жасалуда. Ол саябақ, сквер, өзен жағалауы, сауда ойын-сауық орталықтарының маңы. Одан бөлек жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Адамдардың пандемия қауіпсіздігін жете түсінгені және оның таралып кетпеуіне жауапты болғаны маңызды,-дейді Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Сонымен қататар, ол санитарлық және гигиеналық нормаларды қатаң ұстанып, міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шри-Ланкада су асты мұражайы ашылды
Өзгелердің жаңалығы