Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Сонымен қатар, тергеу-жедел топтар күшейтілді.

Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылуда. Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда. Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады. Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады. Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды. Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.Сондай-ақ, азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, – дейді Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы