Алматы полициясы көше тонаушыларын ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы көше тонаушыларын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі қаскөй де адам көп шоғырланған жерлерде жүрген. Іс жүзінде бір тізбек бойынша әрекет еткен. Олар жалғыз жүрген жастарды іздеген. 

Өтіп бара жатқандарға байқатпай, қорқытып, мүлкін тартып алған. – Барлық жағдайда қарақшылар телефондар мен басқа да гаджеттерді қылмыстық жолмен ұрлауды көздеген. Осылайша үш мобильді құрылғы мен сандық қол сағатты ұрлады. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 Күдіктілер ұсталды. Олар қамауға алынды. Қылмыскерлердің бірі бұрын мүліктік қылмысы үшін сотты болса, екіншісі 

 Өзбекстанның тумасы, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Заттай айғақтар тәркіленіп, процессуалдық тәртіпте иелеріне қайтарылды, –  дейді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

 Е. Құдретбаев ұсталғандардың жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексеріліп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы