Алматы полициясы көліктегі адамды аяусыз ұрып-соққандарды іздестіріп жатыр

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Райымбек даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейнероликте үш ер адамның ақ түсті көлікті қоршап тұрғанын көруге болады. Шабуыл жасаушылардың бірі көлікте отырған жігітті тепкілейді. Тағы үшеуі соққыға жығылғандарды көліктен шығармақ болады. Содан кейін жігіттердің бірін көліктен сүйреп түсіріп, белгісіз жаққа алып кетеді.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдіктілер міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылатын болады.  Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы