Алматы полициясы бүлік кезінде қираған автокөліктер тұрағын көрсетті

Алматы, BAQ.KZ. Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 165 қызметтік көлік зақымданған, оның 53-і өртенген. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Зақымдалған көліктердің жалпы санының 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.

Сонымен қатар, Алматы қаласы ПД-де жаппай тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдар салдарына келтірілген залалдың алдын ала қорытындылары жарияланды:

– 5 фронт-офис өртенді:
- Алмалы аудандық ПБ мен полиция Департаментінің ғимараттары зақымданды;
- 19 модульдік және 13 экологиялық бекеттер зақымданды және өртенді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздіктен 140 көліктің қирағанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы