Алматы полициясы байкерлерді бақылауға көшті

Алматы, BAQ.KZ.  Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тиісті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 8 маусымы мен 12 маусым аралығында мотоцикл жүргізушілерінің ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау үшін қала жолдарында рейдтік іс-шара басталды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жол жүру ережесін бұзған 327 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл көлік түрін басқаратын кейбір азаматтар өрескел бұзушылықтарға жол беріп, апаттық жағдай туғызатыны жасырын емес. Мұндай қылмыстық абайсыздық жиі ауыр зардаптары бар апатқа әкеп соғады, - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ұзабаев.

Оның айтуынша, азаматтар мотоцикл жүргізушілерінің агрессивтілігіне жиі шағымданады. Осыған орай, тыныштықты бұзу деректерін алдын алу мақсатында рейдтер түнгі уақытта жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы