Алматы полициясы автобустарды тексеруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарындағы автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырылды.

Осылайша, біз жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көлік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерін алдын алу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық альянс өкілдері де барынша жұмылдырылған, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Аманбек.

Полицияда қабылданған шараларға қарамастан, автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жол апатына жиі ұшырайтыны атап өтілді. Бір айдың өзінде автобус жүргізушілерінің кінәсінен 35 жол апаты болған, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы