Алматы полициясы автобуста жасөспірімді ұрған адамды ұстады
Алматы, BAQ.KZ. Қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге қол көтеріп, бұзақылық жасаған 50 жастағы ер адам ұсталды, делінген Алматы ПД-і таратқан мәліметте.
Тергеу кезінде 1970 жылы туған Т есімді азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Полиция автобустағы жанжал сәті түскен бейнематериалды тексеріп, ер адам тарапынан бұзақылық жасалғанын анықтады, - делінген хабарламада.Бұл іс бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ол аяқталысымен процессуалдық шешім шығарылады. Еске салсақ, Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде Медеуге бара жатқан автобус ішінде белгісіз адам ұлын сабап тастағанын жазған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәкістанда мешітте жарылыс болып 14 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы