Алматы полициясы 78 атыс қаруы жасырылған орынды анықтады

Алматы, BAQ.KZ.  Ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің мүшелерінен әскери арсенал тәркіленді.  Іс-шараны Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның көмегімен полиция қызметкерлері жүргізді. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін осы ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды және қамауға алынды.  Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару жасыру орындарын ұйымдастыру деректері анықталды.  Нәтижесінде 2 "Калашников" автоматы (АКС), "Макаров" және "ТТ" жүйелерінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ, әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі.  Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 жауынгерлік және 4 жарық шулы граната, 4 пышақ, 2 портативті радиостанция, сондай-ақ әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жиде, таяқша және т.б. тәркіленді. Соңғы қару-жарақ жасырылған орынды кеше ғана анықтадық, - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Тәркіленген арсенал сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі анықталатын болады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы