Алматы полиция департаментінде "Білім кабинеті" ашылды
“Білім кабинеті” қызметкерлерге электронды түрде әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
“Білім кабинетінің” ашылу салтанатына Алматы қаласы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров пен ҚР ІІМ тәрбие және кадр саясаты департаментінің орынбасары Олжас Мырабеков қатысты. Еліміздегі ең ірі шаһардың тәртіп сақшылары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин және т.б. шығармалары бар, көркем әдебиет, классикалық, деректі және арнайы әдебиеттердің бай мұрағаты бар кітапхана қорына қол жеткізді.
Сонымен қатар кітапханада қазақ әдебиетінің детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың шығармалары жинақталған.
Мойындау керек, қарбалас жұмыс кестесінде полиция қызметкерлері сүйікті кітаптарын, жаңа, өзекті шығармаларын оқуға әрдайым уақыт пен мүмкіндік таба бермейді. ‘Білім кабинеті” – көп функционалды ақпараттық, мәдени-танымдық оқу залы, сондай-ақ, онда стандартты бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған интерактивті тақта бар. “Білім кабинеті” біздің қызметкерлерге электронды түрде әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітаптың электронды нұсқасы тәжірибеде қолдану үшін ең қолжетімді және ыңғайлы болып табылады. Енді кез келген алматылық полиция қызметкері құпия сөз алғаннан кейін цифрлық кітапхана қорын пайдалана алады. Мақсат – жеке құрамның рухани дамуы, – деді Арыстанғани Заппаров.