Полиция Аяжан Еділованың өліміне қатысты түсінік берді. Қаскөй қыздың денесін бөлшектеп тастаған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы полициясы 19 наурызда жоғалып кетіп, кейін өлі күйінде табылған 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты түсінік берді.
Алматы ПД басшысының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Рустам Хамидов қыздың денесің табылған күдіктінің үйіне штурммен басып кіргендерін мәлімдеді.
Аяжан Еділованың денесі Алатау ауданындағы Нұркент тұрғын үй кешенінен табылды. Күдікті ретінде 1993 жылы туған Түркістан облысының тумасы ұсталды. Полиция оның пәтерінің есігін сындырып кіргенде, күдікті өзіне қол салмақ болып, денесінің бірнеше жеріне пышақ салған. Бірден медицина қызметкерлері шақырылып, ол ауруханаға жеткізілген. Қазір оған ота жасалып, медицина мекемесінде қатаң күзетте, - дейді ол.
Сонымен қатар қаскөй қыздың денесін бөлшектеп, одан құтылуға әрекет еткенін жеткізді.
Қылмыс орнында қыздың бөлшектелген денесі табылды. Күдікті дене мүшесінің жартысын Алатау ауданынан тыс жердегі қоқысқа апарып тастағаны анықталды. Қылмыс наурыздың 19-нан 20-на ауған түнде жасалған. Бізге қыздың жоғалғаны туралы 20 наурызда хабарланды. Сол сәттен бастап біз оның айналасындағы адамдарды, оның кіммен кетуі мүмкін екенін тексеруге кірістік. Марқұм болған қыз күдіктімен 16 наурыз күні танысқан, - деді Рустам Хамидов.
Еске салсақ, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі, 43 мекен жайы бойынша жұмыстан шығып кеткеннен үйіне оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет жұмыстан шыққан кезінде түсірген. 22 наурыз күні полиция оның денесі табылғанын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы